«Депутаттар арнайы шақырды». Премьер-министр алғаш рет есеп беріп жатыр

Ол президенттің тапсырмалары қалай орындалғанын айтады

Бүгін AMANAT партиясы фракциясының отырысында алғаш рет премьер-министр Әлихан Смайылов есеп беріп жатыр. Бұл туралы партия төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлады B-news.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бүгін біз жаңа саяси маусымның қарсаңында тағы бір дәстүрді бастағалы отырмыз. Алғаш рет фракция отырысында Президенттің жолдауларының орындалуы жөнінде премьер-министрдің ақпаратын тыңдайтын боламыз. Сондықтан басым дауысқа ие болған партия ретінде Фракция отырысына Үкімет басшысын арнайы шақырып отырмыз, — деді Мәжіліс төрағасы AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2022 жылдарға арналған Жолдауларындағы тапсырмалардың қалай орындалғанына тоқталды.

Барлық бағдарламалық құжат халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл тапсырмалар қиын кезеңде, үнемі туындап отыратын сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайында іске асырылды. Дегенмен жалпы қойылған міндеттер іске асырылды, ал ұзақ мерзімді және жүйелі тапсырмалар орындалу барысында, — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Comments (0)
Add Comment