Енді астаналықтар Гуанчжоуға ұша алады

Ұшақ аптасына 2 рет қатынайды

Елорда халықаралық әуежайынан Қытайдың Гуанчжоу қаласына ұшуға болады, деп хабарлады Астана әуежайының баспасөз қызметі.

Астана әуежайынан China Southern әуекомпаниясы Үрімші арқылы Гуанчжоуға аптасына 2 рейс орындайды. China Southern арқылы елордадан Қытайдың кез келген қаласына жете аласыз, — деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент пен Дели арасында әуе рейсі ашылған еді.

Comments (0)
Add Comment