Банк қосымшасын қосқан кезде ақаулар шықты. Сервер қолжетімсіз, пайдаланушылардан қолдау қызметіне хабарласу сұралады.
«Отбасы банк» баспасөз қызметі мәліметінше, IT мамандары қазірдің өзінде мәселені шешумен айналысып жатыр.
«Өкінішке қарай, қызмет үзіліспен жұмыс істеп тұр. Қазір техникалық қызметтегі әріптестер мен IT мамандары ақауды жоюмен айналысып жатыр. Ол жақын арада шешіледі. Білесіздер, қазақстандықтар мен «Отбасы банк» клиенттері өтемақы күтіп жүрді. Осы уақытқа дейін депозиттен кейінгі операциялар жүргізілген жоқ. Өтемақы түсті. Енді клиенттер бұл операцияларды, мобильді қосымшада алады. Ағынға байланысты қызмет үзіліспен жұмыс істеп тұр. Бірақ мәселе шешіліп жатыр», — деп түсіндірді баспасөз қызметі тілшіге.