Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Ол келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалия мен Лихтенштейн командаларының ойынында 2 гол салып, дубльдің авторы атанды. Бұл кездесу 4:0 есебімен Португалияның пайдасына шешілді. Ал 38 жастағы шабуылшы айып соққысынан екінші голын салып, рекордты жаңартты.
Жалпы, Роналду ұлттық құрама сапында 120 голдың авторы атанған.