Тараз бен Шымкент қалаларында жер сілкінді, деп хабарлайды B-news.kz тілшісі
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
“Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 16.1. MPV магнитудасы — 7,8. Эпицентр координаттары — 37,00° солтүстікке қарай — 71,12° E. Тереңдігі — 120 км”, — деп жазды “СОМЭ” ЖШС.
▪️МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді.