Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды

Өрт таңғы сағат 05:12-де оқшауланып, 05:42-де сөндірілді

0 209

Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды B-News.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«16 сәуірде сағат 03:55-те Таразда Төле би көшесі, 4-үйде 800 шаршы метр аумақта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 100 адам, оның ішінде 60 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады»– деді Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 54 қызметкері мен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт таңғы сағат 05:12-де оқшауланып, 05:42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды. Оқиғаға байланысты құрылған комиссия шығындарды заң аясында есептейді»–деді Тараз әкімдігі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.