Жамбыл облысында мал ұрлаған ер адам сотталды

Жәбірленушіге келтірілген залал толық өтелді

0 162

Меркі аудандық сотында бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады B-news.kz тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталушы бөтеннің үйінің ауласына заңсыз кіріп, қорасынан 41 бас қойын ұрлап, жәбірленушіге жалпы құны 3 млн 90 мың теңге материалдық залал келтірген.

Жәбірленуші келтірілген залалдың толық өтелуіне қарамастан, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен ер адамға түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.