Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

0 168

Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды B-news.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады, оған қатысты пікіріңізді мына жерге жаза аласыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.