Таразда жасырылған қару-жарақ табылды

0 76

Таразда вокзал аумағынан қару-жарақ жасырылған орын табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады B-news.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакетке оралған 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, «Полиция» деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.