Роналду жаңа рекорд жасады (ВИДЕО)

0 109

Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Ол келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалия мен Лихтенштейн командаларының ойынында 2 гол салып, дубльдің авторы атанды. Бұл кездесу 4:0 есебімен Португалияның пайдасына шешілді. Ал 38 жастағы шабуылшы айып соққысынан екінші голын салып, рекордты жаңартты.

Жалпы, Роналду ұлттық құрама сапында 120 голдың авторы атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.