ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07-де жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды B-news.kz тілшісі.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 14.1. MPV магнитудасы — 6,5. Эпицентр координаттары — 39,27° солтүстікке қарай — 69,80° ш.б. Тереңдігі — 25 км», — деп жазды «СОМЭ» ЖШС.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысында 2-3 балдық деңгейде сезілді.