Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады

0 63

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады, — деп хабарлайды B-news.kz тілшісі.

Видеоны әншілер Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы сторисіне салды.

«Сәлем, достар! Сонымен, уәде бергендей, мен сіздерге айтайын. Бүгін біздің құрбымыз, супер-әнші, сіңліміз Жанар Дұғалова наконец-то тұрмысқа шығып жатыр. Керемет! Бүгін ұзату тойы», — деді әншілер.

Сонымен бірге Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Жанар Дұғалова мен әкесінің вальс билеп жүрген видеосын салды.

«Әкесі мен қызының биі. Қандай әдемі көрініс. Бақытты бол, Жанара», — деп жазды Маржан Арапбаева.

Еске салайық, бұған дейін Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.