Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды

0 98

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласында салынып жатқан 200 орындық облыстық көпсалалы онкологиялық және хирургиялық орталықтың құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі таңда бас мердігер «Тур-Ахмет и Компания» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, технологиялық жабдықтарды іске қосу шараларын жүргізуде.

Орталық КТ, магнитті-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентген аппараты, эндоскопиялық құрал, ультрадыбыстық аппарат секілді заманауи жабдықтармен қамтылуда. Орнатылған желілік үдеткіштің көмегімен онкологиялық науқастар үшін сәулелік терапияның жоғары тиімді әдістері енгізілетін болады.

Сондай-ақ, кеуде және жалпы хирургия, радиология, сәулелік гимнастика, гематология, гинекология, химиотерапия, реанимация және тағы да басқа бөлімдері бар.

Облыс әкімі емдеу кабинеттерін аралап, медициналық құрал-жабдықтарды көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.

— Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру, мүгедектік пен өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізу бойынша міндеттер қойып отыр. Осы орайда онкология және хирургия орталығының құрылысы –   өте маңызды жоба.

Мердігерлерге мұндай ірі нысанның құрылысын кешіктірмеу, уақытылы аяқтау тапсырылған болатын. Дегенмен, жұмыс кестесі бұзылып отыр.

Мердігерлердің бірі МРТ аппаратын іске қосуды кейінге қалдырған. Соңғы мерзім – 2 мамырға дейін уақыт беріліп отыр. Егер компаниялар өз міндеттемелерін орындамаса, келісімшарттарды бұзу керек, — деді Нұржан Нұржігітов.

Аймақ басшысы аурухана базасында мердігер ұйым өкілдерімен кеңес өткізді.

Нұржан Нұржігітов мердігерлерді құрылыс жұмыстарының мерзімін сақтамағанын сынға алып, бұзушылықтарды жою және медициналық құрал-жабдықтарды орнатуға қатысты мәселелерді жедел шешуге қатысты міндеттер жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.