Президент әкімшілігінің құрылымы қайта жасақталды

0 49

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта жасақтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады B-news.kz тілшісі.

Осы құжатқа сәйкес, Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына мына лауазым иелері кіреді:

Президент әкімшілігінің басшысы;

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

Президент кеңсесінің бастығы;

Президенттің көмекшілері;

Президенттің кеңесшілері;

Президент әкімшілігінің бөлімдері.

Жарлыққа сәйкес:

— ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;

— экономикалық мәселелер бойынша;

— халықаралық мәселелер бойынша;

— құқықтық мәселелер бойынша;

— ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің 4 бөлімі қысқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.