Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G интернет желісі орнатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлады B-news.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Әрине әрбір нарықта болған өнімнің өз тарифі болады. Қазіргі таңда Алматыда қосылып жатқан локациялардан олар арнайы тарифтерді 5G-ге әлі қоспады. Бірақ әрине әрбір оператордың нарыққа сай өз ойлары бар. Сондықтан, олар өнімді аяқтап, жариялайтын болады, — деп жауап берді Бағдат Мусин.