Бибісара Асаубаева ана тілін үйренуге уақыты жоқ екенін айтты

0 111

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына неге қазақша сөйлемейтінін түсіндірді.

Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасымыз негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен 3 турнир ойнаймын, мамырға екеуі жоспарланған, сондықтан… Мұнда таңдау керек, шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын, — деді 19 жастағы спортшы.

Еске сала кетсек, осы аптада ол шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.