Таразда жылыту маусымы аяқталды

0 128
Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталды. Бұл туралы B-news.kz тілшісі қала әкімінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып, ауа райы температурасының бірқалыпты тұрақтануына байланысты Тараз қаласын жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындар 2023 жылдың 12 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымын аяқтайды», делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін Қарағанды қаласында жылыту маусымы аяқталуға жақын екенін жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.