Respublica партиясынан 6 адам Мәжіліс депутаты болып сайланды

0 102

Respublica төрағасы Айдарбек Қожаназаров партиядан Мәжіліс депутаты болып сайланғандардың есімін жариялады.

«Бүгін ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды.

Мәжілісте біздің партиямыздың атынан шығатын депутаттар — мен, партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары — Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.